Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында кішкентай баланы ит талай жаздаған бейнежазба тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Видеодан баланы қараусыз жүрген иттің қапқаны, сол кезде егде жастағы кісінің қорғап қалғанын байқауға болады.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Аталған жарияланым бойынша қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Ит иесі анықталған жағдайда үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 407-2 бабының 1-бөлігі 4-тармағы бойынша әкімшілік шара қолданылады", – делінген хабарламада.