Сәтбаев қаласында кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті жәбірленушімен бетпе-бет кездесу барысында өз кінәсін мойындап, тергеуге қажетті түсініктемелер беріп жатыр.

Аталған жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда, — делінген мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін Сәтбаевта белгісіз біреудің жас қызға зорлық әрекетін жасамақ болғаны жөнінде ақпарат тараған еді.