Сауд Арабиясында ойын-сауық аттракционы жұмыс істеп тұрған кезде оқыстан сынып, 20-дан астам адам зардап шекті, кейбірі ауыр жарақат алған.

Жергілікті Okaz басылымының хабарлауынша, Таифте аттракционның сынуы салдарынан 23-тен астам адам зардап шекті, олардың кейбірі ауыр жарақат алған.

Оқиға куәгерлерінің басылымға айтуынша, аттракцион бағанасы қатты жылдамдықпен кері серпіліп, қарсы беттегі адамдарға соғылған. Басқалары аттракциондағы орындарынан құлап, түрлі жарақат алған.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен тәртіп сақшылары жетіп, оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша шұғыл тергеу жұмыстары басталды.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар X әлеуметтік желісінде жарияланды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз