Бөлімдер
Жаңалықтар

Алматыда түнде көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда түнде көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр көшесіндегі учаскеде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

AlmatyJoly Telegram-арнасында хабарланғандай, Алматыда Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады.

“Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

31 шілде сағат 22:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Қастеев көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз”, — делінген әкімдік хабарламасында.

Жол сызбасы: t.me/AlmatyJoly

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз