Өскемен қаласында бесінші қабатта тұратын 83 жастағы әже терезе жуамын деп құлап кетті , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 30 шілде күні қаладағы Алматы көшесінде болған.

– Анықталғандай, қарт әйел бесінші қабатта терезе жуған кезде қауіпсіздікті сақтамаған. Соның салдарынан құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қалалық Прокуратураның мәліметінше, былтыр Өскеменде 4 адам терезеден құлап кетсе, биыл мұндай 7 оқиға тіркелген. Оның үшеуінде көз жұмғандар – балалар.

Осы ретте, тәртіп сақшылары халыққа қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдары қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкіндігін ескертті.