Нью-Йоркте дүкендер жабылып жатыр. Оған Дональд Трамптың өзге елдерден келетін тауарларға баж салығын енгізу шаралары тікелей әсер етіп отыр.

Жоғары тарифтердің салдарынан тауарлардың бағасын еке есе қымбаттатуға тура келген. Оның үстіне, жұрттың көбі смауданы онлайн жасауға көшкендіктен дүкендерде келім-кетім кісінің қарасы азайған. Сатушылар Amazon секілді алпауыт компаниялармен бәсекеге түсу қиын, - дейді.

Дженнифер Бергман, ойыншық дүкенінің иесі:

- Дүкеніміздің жұмыс істеп тұрғанына 44 жыл болды. Қазір енгізіліп жатқан жоғары тарифтерді ірі компаниялардың ғана қауқары жетеді. Біз секілді шағын дүкендерге бұл тиімсіз. Қазір жабылмасақ саудамызда кірістен гөрі шығын көп болғалы тұр.