Алматыда « Бақыт соқпақтары» жобасы аясында жаңа абаттандырылған тау маршруты ашылды.

Бағыт Проходное шатқалы арқылы Терра алаңқайы мен Алёшкин көпіріне дейін өтеді – бұл жаяу серуендеуге арналған ең танымал және көрікті орындардың бірі. Маршруттың ұзындығы Алматы тауларында Қазақстандағы ең биік аспалы көпірлердің бірі орналасқан жаңа туристік бағыт ашылды.

Алматыда «Бақыт соқпақтары» жобасы аясында жаңа абаттандырылған тау маршруты ашылды. Бағыт Проходное шатқалы арқылы Терра алаңқайы мен Алёшкин көпіріне дейін өтеді – бұл жаяу серуендеуге арналған ең танымал және көрікті орындардың бірі. Маршруттың ұзындығы – 13,5 км, биіктік айырмасы шамамен 1580 метр. Соңғы нүкте – теңіз деңгейінен 3330 метр биіктікте орналасқан Космостанция.

Жобаның негізгі нысандарының бірі – Алёшкин көпірі. Бұл Қазақстандағы ең биік таулы аспалы көпірлердің бірі. Оның ұзындығы 50 метр, ал орналасқан биіктігі – 3000 метрден жоғары.

Маршрут бойында екі Ecodomeo экодәретханасы, үш шале-беседка, 14 орындық, 80 метрлік қорғаныш тұтқалары, алты бағыттаушы және төрт ақпараттық стенд орнатылды. Жобаның үшінші кезеңіне 106 миллион теңге инвестиция құйылды.

2019 жылдан бері жоба аясында 27 км соқпақ абаттандырылды, бес маршрут ашылды, 10 беседка, 56 орындық, 30 көрсеткіш және карта, 600 метрлік баспалдақ пен тұтқа, 14 ақпараттық панель орнатылды. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 1 миллион АҚШ долларын (360 миллион теңге) құрады.

2028 жылға дейінгі жоспарлар:

  • 2026 жылы – Бутаков шатқалында ұзындығы 17 км болатын төрт маршрутты абаттандыру;
  • 2027 жылы – «Жапон жолы – экобекет» бағытында (11 км) жұмыстарды бастау.

Барлық маршруттарда бағыттаушылар, беседкалар, орындықтар және қауіпсіз жолдар орнатылады. Келешектегі кезеңдерге бөлінетін инвестиция көлемі 335 миллион теңгеден асады.

Сонымен қатар, жоба аясында цифрлық навигация және қауіпсіздік жүйесі әзірленуде: онлайн-карталар, маршруттарды тіркеу, ТЖД-ға автоматты хабарлама беру, қауіпсіздік бойынша ұсыныстар. Бұл жүйе Алматы әкімдігіне беріледі. Жобаның цифрлық бөлігіне 100 миллион теңге бөлінеді.

Жоба таудағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған – соңғы бес жылда Іле Алатауында 260-тан астам құтқару операциясы жүргізілген. Маршруттарды орнату және жабдықтау жұмыстарына 150-ден астам қызметкер тікелей қатысты, олар көпірге жалау да көтерді.

«Бақыт соқпақтары» – Алматы тауларында белсенді демалысты қалайтындар үшін қолжетімді, экологиялық таза әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

13,5 км, биіктік айырмасы шамамен 1580 метр. Соңғы нүкте – теңіз деңгейінен 3330 метр биіктікте орналасқан Космостанция.