Шетелдік туристер Таиландқа сапарларынан бас тартып жатыр. Оған тай елі әскері мен Камбожда күштері арасындағы қарулы қақтығыс себеп.
Жергілікті Nation басылымының жазуына қарағанда, кейінгі 1 апта ішінде 5 мың саяхатшы қонақ үйлерге өтініштерін кері қайтарған. Сапардан бас тартушылардың көбеюі жергілікті билікті алаңдатып отыр. Сарапшылар бұл Пхукет, Чиангмай, Чонбури және Бангок туризміне кері әсер етуі мүмкін дейді. Естеріңізге сала кетейік, 23-ші шілдеде Тайланд пен Камбоджа арасындағы шекарада атыс болды. Салдарынан 38 адам қаза тапты.