Бұған ата-анасы кінәлі деп танылды.

Ауыл балалары асыра салып ойнаған футбол алаңы ешқандай мекеменің баласында жоқ болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар ауданына қарасты Жертұмсық ауылында кеше оқыс оқиға орын алды. Футбол алаңында ойнап жүрген алты жасар баланың үстіне қақпа құлап түсті. Ол түрлі жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, ұл бала жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Қазіргі уақытта тиісті ем-дом қабылдауда.

Бұл ретте Павлодар облыстық полиция департаменті баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

"Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтық қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылды", — деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аудан әкіміне оқиғаның салдарын жойып, футбол алаңын қауіпсіздік талаптарына сай реттеу жөніндегі ескерту жолданды. Тексеріс барысында футбол алаңын ауылдағы ағайынның өзі жабдықтап алғаны, ал қақпаның бекітілмегені белгілі болды. Бұл алаң қандай да бір мекеменің балансында да болмай шықты.