"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 2 және 3 тамыз күндері елдің үш ірі қаласындағы ауа райына болжам ұсынды. Алматы мен Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал Шымкентте жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана бойынша ауа райы болжамы:
2 тамыз: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +21…+23°С.
3 тамыз: ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, тұман. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +19…+21°С.
Алматы бойынша ауа райы болжамы:
2 тамыз: ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел екпіні кей кездері 18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +27…+29°С.
3 тамыз: ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел 3–8 м/с, кей кездері екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°С, күндіз +28…+30°С.
Шымкент бойынша ауа райы болжамы:
2 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +30…+32°С.
3 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 13 м/с-қа дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +33…+35°С.