2025 жылғы 1-інен 2 тамызға қараған түнде Қазақстанда мемлекеттік электрондық сервистерде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Алматы әуежайы 1 тамызда жолаушыларға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, түнгі сағат 02:00-ден 06:00-ге дейін келесі ресурстар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін: eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және "Цифрлық құжаттар" сервисі.
Осыған орай, дәл осы уақыт аралығында сапарға шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға жеке куәліктің түпнұсқасын алдын ала дайындау ұсынылады.
Әсіресе ұшаққа отыратындар үшін – тіркеу мен тексеру кезінде құжаттың физикалық нұсқасы болмаған жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін.