Бүгін Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады.
Максим Цой — Алматы қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;
Мансур Мамадахунов, —Қызылорда облысы "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы;
Әкежан Асқар — Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;
Даужан Бекетов — Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері: Astana IT University-дің бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және Алматы IITU университетінің спорттық бағдарламалау бойынша жаттықтырушысы Айбар Қуанышбай. Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы ұйымдастырды.
Айта кетейік, Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) алғаш рет 1989 жылы Болгарияда өткізілді. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы бұл беделді