Афинада (Грекия) еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы жарысты үш қола медальмен аяқтады. Барлығы қола жүлде.
Үшінші орыннан көрінген балуандар: Данаэль Әбдіқасым (51 келіге дейін), Бекасыл Асамбек (60 келіге дейін) және Дінмұхамед Қасымбек (80 келіге дейін).
Командалық есепте Қазақстан үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды АҚШ құрамасы жеңіп алды. Иран екінші орынмен шектелді.