Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,35 теңгеге арзандап, 541,82 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 543,24 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,60 теңгеден сатып алынады, 541,95 теңгеден сатылады. Еуро 623,70 – 628,93 теңге, ал рубль 6,65 – 6,77 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 536,66 теңгеден сатып алынады, 543,66 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу — 619,51 теңге, сату — 629,49 теңге;
  • рубль: сатып алу 6,64 теңге, сату — 6,75 теңге. https://kaz.inform.kz/news/kor-nariginda-dollar-sal-arzandadi-815101/