Спортшылардың аптадағы айтарлықтай жетістіктері жөнінде шолу-мағлұмат сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Семсерлесу: Грузияның бас шаһары Тбилисидегі әлем чемпионатында тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы Франция құрамасымен үшінші орынға таласқан Қазақстан құрамасы қарсыласынан басым түсіп, қола медаль жеңіп алды.

Жеңіл атлетика: Алматыда – XXXIV Ғұсман Қосанов мемориалы (Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі) өтіп, отандық спортшылар 6 алтын, 12 күміс, 16 қола, барлығы 34 медаль еншіледі.

Күрес: Афинада (Грекия) 17-ге дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс, 7 қола, барлығы 11 жүлде иеленді.

Пара таеквондо: Малайзияның Кучинг қаласында құрлықтық додада отандастарымыз 3 алтын мен 3 күміс және 5 қола медальға қол жеткізді.