Отандық кәсіпкер Дінмұхаммед Сыздықов өзінің арманын жүзеге асырып, америкалық әрі мега әнші Дженнифер Лопеске камзол сыйлады. Бұл жайт әншінің 2025 жылы 1 тамыздағы Астанаға сапары кезінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғамен кәсіпкер бүгін, 2025 жылғы 4 тамызда бөлісті. Сыздықов желіде Дженнифер Лопеспен бірге түскен суретін жариялады.

"Джей Лоға қазақ камзолын кигіздім. Осындай сыйлығы үшін дизайнер Эльмира Ибрагимоваға алғыс айтамын! Сеніміңе рақмет, қолдан жасалған керемет туынды, Дженниферге өте ұнады", делінген сурет сипаттамасында.

Бір қызығы, ол Instagram парақшасындағы профилінде қандай жұмыс істейтінін былайша ерекше атап көрсетіпті: "Мен атақты адамдарға шапан сыйлаймын".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinmukhammed Syzdykov (@dinmukhammed)

Желі қолданушылары бұл әрекетті қуана қолдап, өз пікірлерімен бөлісіп жатыр.