Алакөлде демалушылар ойда-жоқта судан әйелдің денесін шығарды. Қазақстандық Алакөлде демалушылардың көптігіне қарамастан жағажайда құтқарушылардың жоқтығына наразылық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алакөлдегі жантүршігерлік жағдай. Бүгін Алакөлде судан мәйітті шығарып алдық. Тағы сағат 5:00-де тұрып, 6 шамасында жағажайжа болдық. Кейін бәрі фильмдегідей болды. Біреулер “Әйел адам жатыр, құтқару керек” деп айғайлады. Өте алыста екен, ешкім құтқаруға ұмтылмады”, – деп жазды Арина есімді желі қолданушысы.
Ол дереу қызын жағажайда қалдырып, әйелді құтқару үшін суға жүгірген.
“Жағажайға қайтып келе алатыныма сенімсіз болдым. Сол себепті құтқару баллонын сұраттым. Бір жағынан мен, бір жағынан 69 жастағы әйел жүзді. Жеткен соң мен бір қолынан, ол бір қолынан ұстап тарттық. Дене… Демалмайды. Құтқару мүмкін емес, бірақ бәрібір жеткізу керек болды”, – делінген жазбада.
Кейін марқұмның ұлына хабарласып суық хабарды жеткізген.
Ол жағажайда құтқарушылар мен катерлердің жоқтығына наразылық білдірді.
“Әйелдің жүрек талмасы ұстаған болса керек, ол жалғыз болды. Кейін демалыс орнынан онымен бірге келген құрбылары табылды. Олар мұнда достарымен бірге келеген еді, ал бүгін құрбысын жерлеуге үйге қайтты”, – деп жазды Арина.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Арина (@arisha.foto_semey)