Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Түрікменбашы әуежайынан Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды, – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.