Алматыда 83 жастағы қоғам қайраткері Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жіберген оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Ақсақал екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шілдеде әлеуметтік желілерде 83 жастағы Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тарады.
Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz-ке берген жауабында осы оқиғаға қатысты ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бұл бап бойынша мың АЕК-ке дейін (2025 жылы 3 932 теңге — 3 932 000 теңге) айыппұл не түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға 600 сағатқа дейін тарту не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
"Жарақаттың ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижесінде шешім қабылданады", — деп жазылған Алматы ПД жауабында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!