62 жастағы ер адам қой бағып жүрген және онымен байланыс үзілген .
Мақат ауданына қарасты Мақат елді мекенінен 25 шақырым жердегі шаруашылықтардың бірінде ер адамның жайылымнан оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарлама түскен соң ТЖМ құтқарушылары дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.
Түнгі уақыт пен ашық далаға қарамастан, олар шаруашылық аумағын мұқият шолып шықты.
Шамамен 6 шақырым қашықтықта ер адам табылды. Ол бағытынан адасып кеткен.
Шопанға медициналық көмек қажет болған жоқ, дегенмен қатты қапырықтан әлсіреп, шөл қысқан.