Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Экология министрлігінің бақылау нәтижелері бойынша, елде 3 милл

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Экология министрлігінің бақылау нәтижелері бойынша, елде 3 миллион 978 мың киік бар. Соның ішінде 2,3 миллионнан астамы еліміздің батысында орналасқан Урал популяциясына тиесілі – бұл Батыс Қазақстан облысын қамтиды және республика бойынша ең ірі популяция болып саналады.

«ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны әзірлеген «Қазақстанда 2025 жылы киік популяцияларының санын басқарудың биологиялық негіздемесіне» сәйкес, ғалымдар 2025 жылдың көктеміндегі есептік санның 20 пайызын алу қажет деп ұсынған. Бұл – 750 000 бас, – деп хабарлады министрлік.

Министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, киіктерді алу, яғни аулау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі: алдымен дайындық жұмыстары өтеді, содан кейін нақты алу мен қайта өңдеу кезеңдері басталады. Барлық шаралар аяқталғаннан кейін егжей-тегжейлі есеп дайындалып, оның тиімділігі бағаланады. Бұл бағалау жұмыстарына ғылыми қауымдастық өкілдері де қатысады.

Министрлік атап өткендей, популяция санын реттеу – экожүйедегі тепе-теңдікті сақтау және жабайы табиғат пен ауыл шаруашылығы секторы арасындағы жанжалдардың алдын алу үшін қажет.