Алматыда №66, №98 және №112 бағыттағы үш маршрут автобусының қозғалыс схемалары уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы 2025 жылғы 5 тамызда оңтүстік астананың көлік холдингі мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, 6-дан 31 тамызға дейін маршруттардың қозғалыс схемалары уақытша өзгереді:
- №66 маршруты – батыс бағытта: Абай даңғылы – Байтурсынов көшесі – Сәтпаев көшесі, одан әрі схема бойынша. Қайтар бағытта өзгеріс жоқ;
- №98 маршруты – батыс бағытта: Абай даңғылы – Байтурсынов көшесі – Сәтпаев көшесі, одан әрі схема бойынша. Қайтар бағытта өзгеріс жоқ;
- №112 маршруты – батыс бағытта: Шевченко көшесі – Манас көшесі – Сәтпаев көшесі, одан әрі схема бойынша. Қайтар бағытта өзгеріс жоқ.
Себебі – Сәтпаев көшесінде су құбырының сыртқы желісін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы: бизнес орталығы "Сәтті"-ден бастап, Жандосов көшесі арқылы Байзақов көшесіне өтіп, Абай даңғылына дейін (Бостандық ауданы, БЦ "BAYZAK").
2025 жылдың 22 шілдесінде Алматыда бес автобустың қозғалыс тәртібі өзгергені хабарланды.