Жамбыл облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен емдеу мекемелері жөнделіп жатыр.
Арнайы мемлекеттік қордан Меркі және Талас аудандық ауруханаларын қайта жаңартуға 2 млрд 400 млн теңге жұмсалмақ. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар биыл Жамбыл облысында төрт денсаулық сақтау нысанын салуға заңсыз шығарылған активтер есебінен 2 млрд 800 млн теңге бөлінді. Жақында Арнасай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.
Эльмира Кәленова