БҚО-да экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Сырым аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жергілікті ауылдардардың бірінде тұратын екі азамат заңсыз қару және есірткі заттарын сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon .kz.
Күдіктілердің үйлеріне жүргізілген тінту барысында төмендегідей тыйым салынған заттар тәркіленді:
Бірінші күдіктіден:
- Тіркелмеген, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық;
- Нарезді қаруға арналған 4 дана оқ-дәрі;
- Тегіс ұңғылы қаруға арналған 2 дана оқ-дәрі;
- Қорадан табылған, жасыл түсті ұнтақталған өсімдік тектес (есірткіге ұқсас) 500 грамнан астам зат;
- 6 қолданылған шприц және пластик бөтелке (есірткі тұтынуға арналған болуы мүмкін).
Екінші күдіктіден:
- Үй ішінен табылған газетке оралған өсімдік тектес зат;
- Ауладан тәркіленген үш пакет өсімдік тектес зат;
- Өсімдік тектес заты бар үш шприц;
- Есірткі затын дайындауға және қолдануға арналған арнайы құралдар.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Барлық тәркіленген заттарға сот-химиялық және баллистикалық сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, басты назар есірткі заттарының шығу көзін анықтауға бағытталған.