2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданды. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар".

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми ақпараттық көздерінде және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау процесі 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталады", — деп жазды министр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз