Уттаркаш округінің судьясы Прашант Арья су тасқыны салдарынан 4 адамның мерт болғанын растады.
Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында орналасқан Дхарали ауылында болған сел салдарынан төрт адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты News Arena India сайтына сілтеме жасап.
– Ауданға сел түріндегі қуатты су тасқыны тиді. Қазір біз адам өмірі мен мүлікке келген залалдың ауқымын бағалап жатырмыз, – деп мәлімдеді Прашант Арья.
Оның айтуынша, жедел іздестіру-құтқару жұмыстары үшін аймаққа армия бөлімшелері, Ұлттық (NDRF) және Мемлекеттік төтенше жағдайларға әрекет ету күштері (SDRF) жіберілді.
Шенеуніктер мен жергілікті тұрғындардың айтуынша, Дхаралидегі су тасқыны 40-50-ге жуық ғимаратты, оның ішінде 20-25 қонақ үй мен үйлерді шайып кеткен. Уттаракханд РК Бас хатшысы Судханшу алғашқы мәліметтер бойынша топан суда 40-50 құрылыс қирағанын айтты.
Ал, Раджеш Панвар есімді ауыл тұрғынының айтуынша, 10-12 адам үйінді астында қалуы мүмкін.
Үндістанның метеорологиялық қызметі 10 тамызға дейін Уттаракханд аумағында, әсіресе таулы өңірлерде, жауын-шашын мол түсетінін ескертті.