Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы 13 маусымға дейінгі аралықта күдіктілер жайылымнан 49 бас ірі қара мал ұрлаған.

Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 20 миллион теңгеге жеткен. Олардың осындай төрт дерекке қатысы бары анықталды.

"Бұл дерек бойынша төрт күдікті ұсталды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", — деді полиция.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!