Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып , ғимараттарды бұзу туралы нұсқама берілді.

Алматыда Ахмедияров көшесі, 18/58 мекенжайындағы көлік жуу және сервис орталығы сүрілді, деп хабарлайды Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы.

Жоспардан тыс тексеріс барысында жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, бұрынғы ғимаратты бұзып, екі бірқабатты ғимараттың салынып, олар көлік жуу және май ауыстыру бекеті ретінде пайдаланылып жатқаны анықталды.

"Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, ғимараттарды бұзу туралы нұсқама берілді. 2024 жылғы 16 қаңтарда басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз берді. Сот басқарманың талабын қанағаттандырып, 2024 жылғы 20 маусымда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатылы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы Саин көшесі желтоқсанда 3,2 шақырымға ұзарады


Бүгінде сот шешімін орындау мақсатында заңсыз салынған ғимараттарды иесі өзі бұзып тастады.