2025 жылдың шілде айында теңге бірнеше ондаған шетел валютасына қатысты әлсіреді. Ұлттық валюта доллар мен юаньға ғана емес, сирек қолданылатын валюталарға да жол берді, деп жазады Zakon.kz.
Доллардың ресми бағамы шілде айының қорытындысы бойынша 14 теңгеге (+2,7%) өсіп, 528,8 теңгеге жетті.
Еуро сәл жоғары өсім көрсетті – бір айда 4,4% немесе 26,3 теңгеге өсіп, 618,35 теңге болды.
Қытай юані мен ресей рублі тиісінше 2,9% және 2,6% өсіп, 73,75 теңге және 6,71 теңге болды. Айта кетейік, рубль жылдық есептеуде 16,3%-ға өсіп, 1-тоқсандағы 5,46 теңгеден 2-тоқсанда 6,35 теңгеге дейін көтерілді – бұл барлық валюталар ішіндегі ең жоғары өсім.
Алайда, шілдеде көшбасшы – тәжік сомониы болды, ол бір айда 6,2%-ға өсіп, 55,28 теңгеге жетті.
Екінші орында – венгр форинті (+5,22%, 10 форинт үшін 15,5 теңге).
Одан кейін чех кронасы (+5,19%, 25,11 теңге) және швейцар франкі (+5,02%, 663,33 теңге).
Айта кетейік, швейцар франкі абсолютті мәнде бір айда 31,75 теңгеге қымбаттады.
Ең аз өсім – түрік лирасында: ресми бағамы бар болғаны 0,7%-ға өсіп, 13,17 теңгеге жетті.
Жапон иенасы 1,4%-ға (3,61 теңге),
норвег кронасы – 1,9%-ға (52,17 теңге) өсті.
Ең қымбат валюта бұрынғыдай Кувейт динары болып қалып отыр – шілдеде оның бағамы 3,02%-ға өсіп, 1731,86 теңгеге жетті (+50,8 теңге).
Бұған дейін Ұлттық банк шілде қорытындысы бойынша теңге бағамы 4%-ға әлсіреп, доллар 540,72 теңге болғанын мәлімдеген еді.