Сот ашық форматты өтіп жатыр .

Шымкенттегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша басты сот процесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот жәбірленушінің сот отырысына жеке қатысуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Алайда бүгін Руслан Берденов сот залында жоқ. Оның ресми өкілі Берденовтің қазіргі уақытта ауруханада жатқанын мәлімдеді. Ол аяқ пен кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданған. Тамыз айында оған қайта ота жасалуы жоспарланып отыр.

Айыпталушы Ернар Жиембай 30 жасқа дейін ешкімге зиян келтірмегенін айтып, Руслан Берденовтің сотқа қатысуын қамтамасыз етуді сұрады.

Айта кетейік, 31 жастағы Ернар Жиембайға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылып отыр: 24-баптың 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-баптың 1-бөлігі ("Адам өлтіру").