Енді қазақстандықтарға электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

ЭЦҚ-ны алу үшін:

  1. egov.kz порталына немесе pki.gov.kz сайтына тіркелу қажет;

  2. Веб-камера арқылы бет-әлпетті сканерлеу арқылы сәйкестендіруден өту керек;

  3. Сәтті өткен жағдайда ЭЦҚ кілті бірден беріледі;

  4. Сәйкестендіру сәтсіз болса, 5 рет қайта әрекет етуге мүмкіндік бар.

Биометриялық сәйкестендіруден өте алмаған жағдайда ғана ХҚКО-ға жүгінуге болады.

Министрліктің мәліметінше, бұл шара азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтіп, цифрлық жеке басын сақтау үшін енгізілген. Осылайша, бөгде адамның ЭЦҚ-ны иелену мүмкіндігі толығымен жойылады.