Қызылордада облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және ҰҚКД жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында терроризмді насихаттаған 39 жастағы деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тикток» әлеуметтік желісі арқылы діни алауыздық тудыратын аудио, бейнежазбаларды таратқан әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174 және 256-баптары бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілген.
Қызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.