АҚШ Үндістанға қарсы 25%-дық кедендік баж салығын енгізуі мүмкін .

Дональд Трамптың айтуынша, Вашингтон мен Нью-Дели әлі күнге дейін келісімге келе алмаған. АҚШ үнді нарығына толық қолжетімді болуды талап етсе, Үндістан өз тауарларына салынатын баж салығының 15%-дан аспауын қалайды. Ақ үйдің дерегі бойынша былтыр АҚШ Үндістаннан 87 млрд доллардың тауарын сатып алған. Ал Нью-Дели Америкадан 42 млрд-тың өнімін импорттады.