Жаңа кәсіби мереке пайда болды.

2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы кәсіби мерекелер тізбесінің жаңа редакциясын бекітті.

Тізімге келесі мерекелер қосылды:

  • Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде;
  • Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні – 9 шілде;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні – 15 қыркүйек;
  • Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні – 20 қазан;
  • Қазақстан кәсіпкерлері күні – 29 қазан.

Сонымен қатар Энергетиктер күнін атап өту күні желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертілді.


Оқи отырыңыз: "Маңызды әрі жауапты миссия". Тоқаев судьяларды кәсіби мерекемен құттықтады