Алматыда тұрғындарға қауіпті 44 су қоймасы бар.

Құтқарушылар бұл тізімге Сайран көлін де қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Денис Ярцевтің айтуынша, қауіпті су қоймалары тізіміне Үлкен және Кіші Алматы өзендері, Бірінші мамыр көлдері, Сайран және Юннат көлдері де бар.

"Биыл шомылу маусымында Сайранда кісі өліміне қатысты 2 оқиға тіркелді. Қала әкімдігінің қаулысымен, көлдің төрт жағалауында суға түсетін орын белгіленді. Сайранның батыс және шығыс жағалаулары, сонымен бірге Қонаев атындағы үлкен су арнасының жағалауында ғана суға түсуге рұқсат. Алайда жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, биыл Сайран көлінде суға түсуге ресми түрде тыйым салынған", – дейді Ярцев.

Бұған қоса, қазіргі таңда Үлкен Алматы су арнасы жөндеу жұмысына байланысты құрғатылды.

Жаз шыққалы 14 азамат қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.