Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері зейнеткерге қатысты жасалған алаяқтық дерегін ашты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"1986 жылы туған күдікті жәбірленушімен бұрыннан таныс болған және оның сеніміне кіріп, қулығын іске асырған. Ол шынайы ақша орнына сыртқы көрінісі шынайы банкноттарға ұқсайтын сувенирлік купюраларды берген. Қылмыс мұқият жоспарланғаны белгілі болды", – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Алматыда зейнеткерлерді алдап, үйлерінен ірі көлемде ақша ұрлаған екі әйел ұсталды


"Алаяқтық, әсіресе егде жастағы адамдарға қатысты жасалса — бұл өте ауыр қылмыс. Қызметкерлеріміз жедел әрекет етті, күдікті қолға түсті. Осы жағдайға байланысты азаматтарды, әсіресе зейнеткерлерді, барынша сақ болуға шақырамын. Таныс көрінген адамдарға да сене бермеңіздер, ақпаратты міндетті түрде тексеріңіздер және полициядан көмек сұраудан тартынбаңыздар", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.