Қысқа дайындық кестеге сәйкес жүріп жатыр. Жоспарланған жұмыстың жартысынан көбі аяқталған. Жылыту маусымына дейін 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өтеді. Қалған барлық құралдарға ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Бұл жөнінде де Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлім етті. Вице-министрдің сөзінше, кестеден кешігіп жатқан нысандар жоқ.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Кесте бойынша барлық өңірлерде жүріп жатыр. Біз Солтүстік өңірлерге көңіл бөліп жатырмыз. Өйткені, жылу маусымы ертерек басталады. Оңтүстік өңірлерде қараша айында басталады. Сондықтан 15 қазанға дейін барлық жерде толық дайын болады деген жоспар бар.
Самал Қабышева