Аталған көше учаскелері 10 тамыз күні сағат 16:00-ден бастап жабылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының Полиция департаменті Орталық стадионда өтетін концерт кезінде жабылатын көшелердің схемасын жариялады.

Атап айтқанда:

  • Абай даңғылы Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін;
  • Қ.Сәтбаев көшесі Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
  • Байтұрсынов көшесі Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін жабық болады.