Синоптиктер болжамы жарияланды.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, елорда мен 15 облыста найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі.

Көптеген өңірлерде өрт қауіпі өте жоғары деңгейде сақталады.

Астана қаласында найзағай ойнап, желдің екпіні 20 м/с-ке дейін жетеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында – күн күркіреп, бұршақ жауып, тұман мен қатты жел болуы мүмкін. Осы өңірлерде де өрт қаупі жоғары деңгейде.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында күндіз найзағай, бұршақ, кей жерлерде дауыл болады. Ұлытауда +35...+36°C ыстық, ал Жезқазғанда қатты ыстықпен қатар жел де күшейеді. Семеймен Өскеменде де қатты жел мен найзағай күтіледі.


Оқи отырыңыз: Заңсыз сауда жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстан азаматын Дубайдан экстрадицияланды


Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында аптап ыстық +36…+41°C-қа дейін көтеріледі. Бұл аймақтарда өрт қауіпі ерекше жоғары. Кызылордада шаңды дауыл болуы мүмкін. Шымкент, Түркістан, Ақтау мен Атырауда да ауа райы өте қолайсыз болмақ.