Алматы облысында мектеп оқушысы өлтірілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан жасөспірім 11-сыныпта оқыған.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Жасөспірімнің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады полициядан.
Сонымен қатар, полиция бұл оқиға бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін білім басқармасына ұсыныс енгізген.
"Қазір қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп толықтырды департамент өкілдері.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!