8 тамыз күні таңғы 04:30 шамасында Қызылсай – Шымкент бағытындағы күзетілетін теміржол өткелінде ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

HOWO маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, келе жатқан пойыздың алдын кесіп өткен.

КТЖ мәліметінше, соқтығыс салдарынан адам өлімі тіркелген жоқ, бірақ жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Апаттан кейін үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды.