Атырау–Ақтау бағытындағы жолаушылар пойызында түсірілген видео әлеуметтік желіні дүрліктірді. Кадрларда жолаушы қызметкерлерге ашулы түрде шағым айтып жатыр: вагон іші шаң басқан , терезелер кір, қоқыс жиналмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бұл пойыз жуылады ма? Қоқыс жатыр, терезе жуылмаған, іші шаң-тозаң! Бірінші тазалап алыңдар да, сосын жолаушы отырғызасыңдар. Мына кір вообще өмірі жуылмаған!» – дейді ашынған жолаушы.
Айтуынша, пойызға мінген сәттен бастап жағдайы көңілден шықпаған. Видеоны көрген көпшілік теміржол қызметінің жауапкершілігін сынға алды.
«Арыз жазамыз!» – деп ескертті жолаушы пойыз персоналына.
Пікір қалдырғандар арасында «Жолаушыдан билет ақшасын толық алады, бірақ қызмет сапасы нөл» деп жазғандар да бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от BudetGrom (@budetgrom_)