Тәжікстаннан келген гастарбайтердің оң жақ самайы мен қабағы зақымданған .

Оқиға түскі төрт шамасында болған. Екі ер азамат тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонда жүріп, оқдәрі тауып алған. Тексермек болғанда ол жарылып, жігіттің беті қанжоса болған, деп жазады inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазір полиция қызметкерлері осы жайтқа қатысты тергеп-тексеру жүргізіп, істің мән-жайын анықтап жатыр. Белгілі болғаны, оқиға орнында ешқандай атыс қаруы қолданылмаған. Ал жарақат алған жігіттің жағдайы қазір жақсарды дейді дәрігерлер.

"Жарақат адам өміріне қауіп төндірмейді. Тек тері және теріасты май қабаты зақымданған. Көзіне, бас сүйегіне еш зақым келмеген. Науқасқа біздің бөлімшеде алғашқы көмек көрсетіліп, қанын тоқтатып, үйінде емделуге жібердік", – деді Петропавл жедел жәрдем ауруханасының хирургі Бағдат Шағдаров.