Тәжікстандық кәсіпкерлер 1000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін – жемістер, құрма-жидектер, жаңғақтар, көкөністер, бақша дақылдары және басқа да өнім түрлерін алып келеді.
Астанада 16-17 тамыз күндері Тәжікстан Республикасының Соғды облысынан әкелінген ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау және дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Жәрмеңке 16 тамыз күні 11:00-ден 19:00-ге дейін, ал 17 тамыз күні 10:00-ден 19:00-ге дейін "Барыс Арена" маңындағы аумақта өтеді.
Ғасырлар бойы тәжік мәдениеті парсы және түркі дәстүрлерінің элементтерін бойына сіңіріп келген. Тәжікстанның басты ерекшеліктерінің бірі – Шығыстың рухын жеткізетін түрлі-түсті базарлар.
Іс-шара елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы өнімдер мен шеберлердің бұйымдарын сатып алуға ғана емес, сонымен қатар шығыс базарының ерекше атмосферасын сезініп, шығыс асханасының тіл үйірер тағамдарынан дәм татуға да мүмкіндік алады.