Жақында сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Ерменсай шағынауданында, Жәңгір хан көшесі, 46-үйде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бұзылып жатқанын хабарлайды.

"Тексеру кезінде нысан иесінің құрылысқа рұқсат беретін тиісті құжаты жоқ екені және жоба сызбасының қате болғаны анықталған. Осыған байланысты меншік иесіне (жеке тұлға) әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, Бостандық аудандық сотына нысанды сүру туралы талап-арыз берілді. Бұдан кейін ұзаққа созылған сот процесі жүргізілді", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне байланысты бірнеше көше жабылады


2023 жылғы 15 тамызда Жоғарғы соттың қаулысымен алғашқы сот инстанциясының нысанды бұзу жөніндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Кейіннен Алматы қаласы Әділет департаментінде орындау процесі басталды.

Жақында сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.