АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин 11 тамызда Римде кездесуі мүмкін .
Бұл туралы Fox News телеарнасы хабарлады. Сондай-ақ тараптар Италиядан бөлек, басқа да елдерде келіссөз өткізуді қарастырып жатыр. Оның ішінде Путин осыған дейін Біріккен Араб Әмірліктерін атаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков тараптар арасындағы келіссөздер келесі аптаға жоспарланғанын жариялаған еді. Оның айтуы бойынша, кездесу орны нақты белгіленіп, қызу дайындық жүріп жатыр.