Танымал қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев әлемдік әнші Дженнифер Лопестің Қазақстанға келуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желідегі бір парақшада әнші туралы күмәнді ақпарат тараған. Жазбаның астындағы жағымсыз пікірлер өнер иесін бей-жай қалдырмаған сияқты. Кейбіреулер тіпті келеке етіп, ауыр сөздер жазған.

– Адамға қарғыс айту үшін қандай деңгейде болу керек, әлі күнге дейін түсінбеймін. Мейлі, ол затты мен емес басқа біреу онлайн сатып жатса да, неге оған жамандық тілеуіміз керек? Көргің келмесе — қарама, көргің келсе — көр. Оның үстіне, бұл — жалған ақпарат. Мен қайда, Джей Ло қайда? Бес-алты күн елге барып, анамның қасында болдым, туған жерде тынығып қайттым. Алматыға қайтып келе жатқанда ғана осындай жазбаны көріп таңғалдым. Тәптіштеп түсіндірген екен. Әзілге жақын сатира сияқты… бірақ оқымай жатып, талай адамның аузына ақ ит кіріп, көк ит шығыпты. Мен тағы да айтқым келеді, маған бұл әңгіме мүлдем әсер етпейді, – деді ол.

Әншінің айтуынша, мұндай сөздер оған әсер етпейді:

– Имани иммунитеті жоғары адам ретінде мұндайға мүлде мән бермеймін. Талайды көргенмін. Кемел жасқа жеткеннен кейін кез келген ғайбат айтушының сөзі өзіне қайтып келетініне, не маған сауап болып жазылатынына сенемін. Сондықтан мұртым да қисаймайды. Бірақ жандарым, жүрегімізді тазалайық, – деді ол.

Сондай-ақ, өнер иесі ішкі мәдениетімізді дамытсақ, сырттан өнерпаздар елімізге келуін жиілететінін айтты.

«Қауіпсіз, зайырлы мемлекетке туристер келгісі келеді, сондықтан елде тыныштық, бейбітшілік болса біздің туризміміз дамиды. Сол себепті мұны әркім өзінен бастасын», деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)