Ақтөбе — Маңғыстау бағытындағы пойызда балаға жатын сөре құлады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға №110 пойыздың 16-вагонында болған. Жарақат алған қыздың анасының айтуынша, сөре дәл баланың үстіне түскен.
"Құдайға шүкір, үстінде адам жатқан жоқ, әйтпесе салдары ауыр болуы мүмкін еді. Сөрені әрең ұстап қалдым, ұстамасам не боларын білмеймін. Қалған жол бойы екінші сөре де құлап кете ме деп қорқып отырдық", — деді әйел.
Оның айтуынша, компания басшылығына жасаған шағымына жауап болмаған.
Компания өкілдері болса, сөренің бір жағындағы шынжыр үзілгенін, соның салдарынан оның бір бөлігі салбырап кеткенін түсіндірді.
"Адамға түскен жоқ, жағдай орнында шешілді, кейін жаңа сөре орнатылды", — деп мәлімдеді "Otpan Logistic" ЖШС.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз