Жамбыл облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында "Парк-Райт" атты 10 мобильді жасырын патрульдеу кешені жұмыс істеуде.

Аталған аппараттық-бағдарламалық кешендер облыс аумағындағы барлық автожолдарда қолданылып, жол ережесінің бұзылуын автоматты түрде тіркейді.

Құрылғылардың ерекшелігі – олардың орналасқан орны жасырын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 1099 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1669 адам түрлі дене жарақатын алған. Жол апаттарының басты себептерінің бірі – жылдамдықты асыру.

Мобильді бақылау кешендерін қолдану жол-көлік оқиғаларын, әсіресе қозғалысы тығыз аймақтарда азайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

Полиция барлық жүргізушілерге жылдамдықты сақтауға, қауіпсіз арақашықтық ұстануға және жолда мұқият болуға шақырды.