Әнші Мексика астанасында екі жеке концерт өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, 8 қазанда өтетін алғашқы шоу билеттері тез сатылып кеткендіктен, жанкүйерлердің өтініші бойынша қосымша "Stranger" концерті ұйымдастырылуда.

Екінші концерт 10 қазанда Мехикодағы Palacio de los Deportes сарайында өтеді.

Билеттердің алдын ала сатылымы 14 тамыз күні сағат 11:00-де Banamex жүйесі арқылы басталады, ал жалпы сатылым 15 тамызда жергілікті уақытпен сағат 11:00-де ашылады.